Сыныптама жарыстың құрылымын қамтамасыз етеді. Сыныптама спортшыға басқа спортшылармен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік беру үшін қабылданған. Бұл спортшының жеңілісі спорт талаптарына сәйкес келетініне сенімділік береді.

Сыныптама екі негізгі қызметке ие:

  • спортшының жарыстарға қатысуға жарамдылығын анықтау;
  • жарыстарға қатысу үшін спортшыларды топтастыру.

Зақымданудың үйғарынды немесе «жарамды» түріне ие болу паралимпиадалық спорт түрлеріне қатысудың қажетті, бірақ жалғыз өлшемі емес. Зақымданудың болуы спортшының жарыстарға қатысу құқығын осы спорт түріндегі спорттық белсенділіктің шектелуіне әкеп соқтырған жағдайда ғана бере алады, яғни спорт түріне арналған классификация ережелеріне сәйкес «жарамдылықтың минималды критерийінен» өтеді.