Көліктерді ресми тапсыру рәсімі 1 наурыз – Алғыс айту күнінде өтті. Қайрат Советаевичтің атынан куәлікті «Алмалы» АБК Вице-Президенті Бақыт Аманжолұлы Сапаров табыстады.

Елорданың әкімі Алтай Көлгінов тапсырылған 10 автобус мүмкіндігі шектеулі 1500 адамға, соның ішінде 500 балаға қызмет көрсетеді.

Демеушілер чирлидинг командасының жас спортшыларына арнайы биге арналған арбаларды сыйлыққа берді.

«Тарлан» мұз айдынында әкім еліміздегі алғашқы следж хоккей командасының дайындығымен танысты. Мұнда олар жаттығып, жарысқа дайындалады. Мұз айдынында мүгедектер мен олардың отбасыларына (5 адамға дейін) арналған коньки тебу тұрақты түрде тегін өтеді.