Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының жұмысымен танысу үшін арнайы келді.

Ұлттық паралимпиадалық комитеттің президенті Қайрат Боранбаев еліміздегі паралимпиадалық қозғалыстың қызметі және мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында бұқаралық спорттың дамуы туралы айтып берді.

Боранбаев Паралимпиадалық қозғалысты дамытуда мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ Паралимпиадалық жаттығу орталығы негізіндегі мемлекеттік-жеке меншік ынтымақтастық аясындағы сәтті серіктестікті атап өтті.

Орталықта жаттығулар спорттың 14 түрінен өтіп, айына 6000-нан аса адам келеді. Сонымен қатар ғимаратта ұлттық паралимпиада командаларының оқу-жаттығу жиындары, ірі спорт шаралары өткізіледі, соның ішінде пара пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты және балалар арасындағы алғаш Паралимпиадалық ойындары.

Ресми іс-сапар аясында Ералы Тоғжанов алғаш рет көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан Қазақстан Республикасының Кубогын ашты. Оған 5 өңірден 40-тан аса голболшылар қатысты. Іс-шараның мақсаты – голбол спорт түрін көпшілікке таныту. Жарыс командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстанда голболдан 2017 жылдан бері 3 Чемпионат өтті.

 «Қатысушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл өмірде қиындықтан мойымай, биікке ұмтыла білу керек. Сізде енді бастап жатқандарыңызға қарамай, алдымызда үлкен жетістіктер күтіп тұр деп ойлаймын. Жеңіске осыншалықты ұмтылысы бар адамдарда басқаша болу мүмкін емес. Ол үшін адамгершілік, махаббат, батылдық қажет. Оның барлығы сіздерде бар. Барлық жағдайлар жасалынып жатыр», - деді Тоғжанов.